Ыстанбұлда қаруланған ер мен әйел cот ғимаратына шабуыл жасады
Ыстанбұлда қаруланған ер мен әйел сот ғимаратына шабуыл жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Түркияның ішкі істер министрлігінің басшысы Али Ерликаяның мәліметінше, екі шабуылдаушының көзі жойылған.
Қару асынған ер мен әйел Чағлайан ауданында орналасқан сот ғимаратындағы күзет бекетіне шабуыл жасаған.
Салдарынан 6 адам жарақаттанған. Оның ішінде, үш полиция қызметкері жараланған.
Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 11:46-да орын алған.
Министрдің айтуынша, шабуылдаушылар DHKP/C террорлық ұйымына мүше болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Пеш жаққан кезде қауіпсіздікті қалай сақтау керек
Өзгелердің жаңалығы