Бүгiн 2026, 16:15 Фото: istockphoto.com

Ыстанбұлда нөсер жаңбыр салдарынан көшелерді су басып, көлік қозғалысы қиындады

Қатты жауын көшелер мен жолдарды су астында қалдырды.

Ыстанбұлда күн күркіреп жауған нөсер жаңбыр салдарынан бірнеше ауданда көшелерді су басып, көлік қозғалысы қиындады. Бұл туралы Haber Global телеарнасы хабарлады.

Телеарнаның мәліметінше, ең күрделі жағдай Бешикташ, Фатих, Шишли, Бакыркөй, Сұлтанғази және Кагытхане аудандарында қалыптасқан.

Қатты жауын-шашыннан кейін автомобиль жолдары мен жаяу жүргіншілер өткелдерін су басып, көліктердің қозғалысы мен тұрғындардың қатынауына қиындық туғызды.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер немесе ірі көлемдегі қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.