Ыстанбұлда микроавтобус аударылып, 11 адам зардап шекті

Ыстанбұлда микроавтобустың аударылуы салдарынан 11 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ жергілікті Haber Global телеарнасына сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, Ыстанбұл әуежайы бағытында қозғалып келе жатқан қызметтік микроавтобустың жүргізушісі қар жауып, тайғақ болған жолда көлікті басқара алмай қалған. Соның салдарынан көлік алдымен бордюрге соғылып, кейін аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 11 адам зардап шекті.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары, полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жетіп, жарақат алғандар медициналық мекемелерге жеткізілді. Қазіргі таңда олардың жағдайы туралы нақты ақпарат жоқ.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы