Ыстанбұлда есірткіге қарсы операция аясында танымал тұлғалар ұсталды

Ыстанбұлда құқық қорғау органдарының заңсыз есірткі айналымына қарсы ауқымды операциясы барысында шоу-бизнес пен медиа саласында танымал бірнеше тұлға ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Haber Global телеарнасының мәліметінше, ұстаулар есірткіге қатысты істер мен жезөкшелікке итермелеу фактілерін тергеу аясында жүргізілген. Ұсталғандар қатарында Джерен Альпер, Селен Гёргюзель, Айше Саалам және Нилюфер Батур Токгёз бар екені аталды.

Cumhuriyet басылымы да ұсталғандар арасында танымал түрік актері Джан Яман болуы мүмкін екенін хабарлады. Алайда бұл ақпарат жарияланған сәтте ресми түрде расталмаған.

Бұған дейін түрік БАҚ-тары көпшілікке белгілі тұлғаларға қатысты есірткі заттарын қолдану және тарату күдігімен бірқатар ұстаулар болғанын жазған еді. Тергеуге іліккен кейбір адамдарға бұған дейін іздестіру жарияланғаны да айтылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы