Бүгiн 2026, 18:12 Фото: TRT

Ыстанбұлда екі үй құлап, үйінді астында адамдар қалып қойды

Алдын ала мәлімет бойынша, ғимараттардың құлауына газ жарылысы себеп болуы мүмкін.

Ыстанбұлдың Фатих ауданында аз қабатты екі ғимарат құлап, үйінді астында адамдар қалғаны туралы хабарланды, деп жазады BAQ.KZ TRT телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға орнында құтқарушылар мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Үйінді астынан үш адам аман-есен шығарылды. Қазіргі уақытта тағы екі адамды іздеу жұмыстары жалғасуда.