8 Қараша 2026, 18:51
Фото: instagram.com/timsports_ru видеосынан скриншот
Ыстанбұлда бокс кеші жаппай төбелеспен аяқталды
Мұрат Алиевтің көрермендерге көрсеткен әдепсіз ишарасынан кейін жанкүйерлер рингке басып кірген.
Ауыр салмақтағы WBC Silver белбеуі үшін өткен жекпе-жек жаппай төбелеспен аяқталды. Стамбұлда Мұрат Алиев пен Умут Чамкыран арасындағы айқастан кейін жанжал шықты.
Бұл туралы Sports.ru басылымы мәлімдеді.
Мәліметке сәйкес, жекпе-жек аяқталған соң Алиев трибунадағы көрермендерге әдепсіз ишара көрсеткен.
Бұған наразы болған жанкүйерлер рингке жүгіріп шығып, соңы жаппай төбелеске ұласқан.