Ыстанбұлда 24 қабатты үй өртенді

Ыстанбұлдың Кадыкёй ауданында 24 қабатты ғимарат өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өртті Кадыкёй, Үскюдар, Умрание және Картал муниципалитеттерінің өрт сөндірушілері сөндіріп жатыр, деп жазды ҚазАқпарат Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Белгісіз себептермен Фикиртепе Махаллеси Рюзгар Сокак мекенжайында 24 қабатты ғимаратта өрт шықты. Төменгі қабаттардан шыққан өрт ғимараттың жоғарғы қабаттарына кіреберіс арқылы тез тарады.

Үй тұрғындары эвакуацияланды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы