Ыстамбұлды қалың қар басты
Ыстамбұлдың барлық ауданында қалың қар жауып, әуе рейстерінің кешігуіне себеп болды. Бұл туралы BAQ.KZ РИА Новости-ке сілтеме жасап хабарлады.
Жексенбі күні түстен кейін мегаполистің көптеген аудандарына, соның ішінде Мәрмәр теңізі жағалауына да қар жауды. Синоптиктердің болжамынша, бір шаршы метрге шамамен 3–7 келі қар түсуі мүмкін. Мамандар көлік қатынасында іркілістер болуы ықтимал екенін ескертті.
Табиғи апаттың салдарынан қаланың шығыс бөлігінде орналасқан Сабиха Гөкчен атындағы әуежайда, негізінен ұшып шығатын рейстер кешікті. Сағат 15:00-дегі мәлімет бойынша Pegasus әуе компаниясының Парижге, Марсельге және бірқатар басқа қалаларға бағытталған рейстері бір жарым сағаттан астам уақытқа кешіктірілген.
Берлинге ұшатын рейстің жолаушысы ұшу уақыты 1 сағат 15 минутқа кешіккенін, ал әуежайдағы ақпараттық тақталарда ешқандай мәлімет болмағанын айтты.
Ұшқыш кешігуді техникалық ақаумен түсіндірген. Жолаушының айтуынша, отырғызу аймағында адамдар өте көп болған, ал жолаушыларды ұшаққа жеткізетін автобустар 15 минут сайын ғана келіп отырған. Жалпы әуежайда адам көп, демалыс аймақтары мен лаунждардың барлығы лық толы болған.
Түркияның Бас метеорология басқармасы жексенбі мен дүйсенбі күндері Мәрмәр теңізі аймағында желдің екпіні сағатына 75 шақырымға дейін жетуі мүмкін екенін ескертті. Синоптиктердің болжамынша, қар 20 қаңтарға қарай тоқтап, жаңбырға ұласады. Ал 21 қаңтарда ауа температурасы +11 градусқа дейін көтеріледі.