Ыстамбұлда ер адам Айя София мешітінде өрт қоюға тырысқан
Оқиға Иша намазы кезінде орын алған. Қызыл қалпақ пен шорт киген ер адам қалтасындағы қағаздарды өртеп, мешіт ішінде от жағуға әрекеттенген. Куәгер әйелдің шұғыл әрекетінің арқасында өрттің алдын алу мүмкін болды – ол өртті байқап, дереу имамға хабар берген.
Түрік полициясы Ыстамбұлдағы Айя София мешітінде өрт қоюға тырысқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Түркияның Ekol TV телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға Иша намазы кезінде орын алған. Қызыл қалпақ пен шорт киген ер адам қалтасындағы қағаздарды өртеп, мешіт ішінде от жағуға әрекеттенген. Куәгер әйелдің шұғыл әрекетінің арқасында өрттің алдын алу мүмкін болды – ол өртті байқап, дереу имамға хабар берген.
Полицияның мәліметінше, күдіктінің аты-жөні Месут Гүчлу. Ол бейнебақылау камераларының көмегімен анықталып, оқиғадан бірнеше сағаттан кейін қолға түсті.
Ekol TV-дің мәліметінше, бұл адам шілде айында да "ғибадат орындары мен зираттарға зақым келтірді" деген айыппен қамауға алынған. Сонымен қатар ол Бақыркөй психикалық және неврологиялық аурулар ауруханасында емделген.
Оқиғадан кейін Айя София мешітінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Айта кетейік, биыл 8 маусымда Йеменде де мешітке шабуыл жасалған болатын. Психикалық ауытқуы бар ер адам Эль-Байда провинциясындағы Карн-Асад ауылындағы мешітке шабуыл жасап, дұға аяқталғаннан кейін оқ жаудырып, 12 адамды мерт қылған.
- Қазақстанда бал мен зімбірден жаңа сусын әзірленді 13:43
- Аралда учаскелік полиция инспекторын өлтірді деген 39 жастағы күдікті қамауға алынды 13:25
- Қазақстанда азық-түлік бағасы қалай өзгеруде? 13:08
- Жамбыл облысында вагон алмақ болған азамат 22 млн теңгесінен айырылды: Күдіктілер ұсталды 12:58
- Қазақстанда жанармай сапасын қадағалау неге қиын? – Сарапшы 5 себебін атады 12:30
- OpenAI 2026 жылы жасанды интеллект қауіптеріне байланысты IPO-дан бас тартты 12:26
- Күріш, балық, қауын-қарбыз: Астанада Қызылорда жәрмеңкесі өтеді 12:11