27 Қазан 2025 2025, 04:26
Фото: pexels.com
Ыстамбұл маңында күшті жер сілкінісі болды
Түркияның төтенше жағдайларды басқару агенттігінің (AFAD) мәліметтері бойынша, Ыстамбұл маңындағы Қара теңізде 3,7 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Түркияның төтенше жағдайларды басқару агенттігінің (AFAD) мәліметтері бойынша, Ыстамбұл маңындағы Қара теңізде 3,7 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кандилли сейсмологиялық орталығы магнитудасын сәл жоғары, 3,9 деп бағалады.
Эпицентрі қаладан солтүстік-батысқа қарай жағалаудан 16 км қашықтықта, 13 км тереңдікте орналасқан.
Жер сілкінісі сағат 21:44-те (Астана уақыты бойынша) болды және мегаполистің бірнеше ауданында сезілді. Қазіргі уақытта қираулар немесе құрбандар туралы ақпарат жоқ. Халық арасында үрей жоқ.