Қыс жылы болды: масалар қырылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде қыстың күрт жылуының салдарынан масалар жойылуы мүмкін. Бұл туралы Ресей ғылым академиясы Су проблемалары институтының директоры Виктор Данилов-Данильян "Известия" газетіне сұхбат кезінде айтты.
Ғалымның айтуынша, күннің жылуынан жәндіктер оянады, бірақ азықтың болмауынан қырылып қалады.
Сонымен қатар, қоректену бірізділігі жойылады. Себебі масалардың дернәсілін балықтар жейді. Ал олар азайса, балықтардың қорекке қажеттілігі артады.
Құртшабақтар мен бақашабақтардың жағдайына алаңдау керек. Өйткені олар негізінен масалардың дернәсілімен қоректенеді. Одан тұқым шашуы қысқарып, жарты жыл немесе бір жылдан кейін балықтардың саны азаюына әкеп соғуы әбден мүмкін, - деді сарапшы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шетелдік нөмірі бар көліктерді тіркеу қалай жүріп жатыр?
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы