Қысқартуға кімдердің ілікпейтіні белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова жұмыстан қысқарып қалмайтын мемлекеттік қызметшілердің санатын атады.
Қызметшілердің әлеуметтік осал санаттарын қорғауды, сондай-ақ қысқартуға жататын адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету қажет. Қазіргі уақытта еңбек кодексіне сәйкес жүкті әйелдер қысқартуға жатпайды; 3 жасқа дейінгі балалары бар аналар; жалғызбасты аналар; балаларды анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдар; сондай-ақ зейнеткерлікке шығуға 2 жылдан аз қалған қызметшілер, - дейді Анар Жайылғанова.
Оның айтуынша, оңтайландыру шаралары кезінде осы санатқа кіретін мемлекеттік қызметшілердің құқықтары барынша қорғалады. Ал олардың арасында тәжірибелі мамандар болса, демалысы мен жәрдемақысын да алуға мүмкіндік бар.
Агенттікте бұл норма мемлекеттік аппараттың сабақтастығын қалыптастыру үшін ынталандыру болып саналады. Сондай-ақ басшыларға әлеуметтік осал топтарға жататын мемлекеттік қызметшілерге, әсіресе отбасындағы жалғыз асыраушыларға тимеуге және қысқартылған әріптестеріне жұмыс табуға көмектесуге кеңес беріледі,- дейді агенттік басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жайылғанова: Командамен жұмыс ауыстыруға жол жоқ
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы