Қырғызстанда "Қобыз күні" белгіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков "Қобыз күнін" белгілеу жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Қырғызстан Президентінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

«Қырғыз елінің рухани мәдениетінің ажырамас бөлігінің бірі ұлтық музыканы қобызсыз елестету мүмкін емес. Қобыз қырғыз елінің ұлттық мәдениетінде ерекше орынға ие»,- делінген хабарламада.  

Жарлыққа сәйкес 9 қыркүйек Қырғызстан Республикасында қобыз күні болып бекітілді.

Жарлық ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы