Қырғызстанда Ұлттық Олимпиада комитеттерінің аймақтық форумы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында ТМД мен Балтық жағалауы елдері және Грузия  Ұлттық Олимпиада комитеттері жетекшілерінің аймақтық форумы өтті, деп хабарлайды Оlympic.kz

Екі күн ішінде 14 елдегі Олимпиада комитетінің жетекшілері Олимпиадалық қозғалыстың дамуы мен спорттық медицина тақырыбын, сондай-ақ, 2020 жылғы Токио ойындарына дайындық барысын талқылады. 

Аталған жиынға Қазақстан ҰОК бас хатшысы Сәкен Мұсайбеков пен халықаралық қатынастар Департаментінің директоры Әлімжан Ақаев қатысты. 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы