Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасындағы атыста бір әскери қызметкер қаза тапты

Алматы, BAQ.KZ. Баткен облысындағы қырғыз-тәжік шекарасындағы атыстан бір әскери қызметкер қаза тапты. Бұл туралы Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шекара қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, тәжік тарапы «Мақсат» шекара постына бірінші болып оқ жаудырған, кейін Лейлек ауданындағы «Сай» шекара постын атқылаған.

«Атыс кезінде ҚР Мемлекеттік шекара қызметінің бір әскери қызметкері қаза тапты. Сағат 21.30 шамасында атыс тоқтады. Қырғызстан мен Тәжікстан шекара өкілдері аладғы уақытта мұндай оқиға қайталанбас үшін келіссөз жүргізіп жатыр. Оқтың атылуына Тәжікстан тарапының шекарадағы белгіленбеген аумаққа құрылыс салуы себеп болған. Оған жауап ретінде қырғыздар да сол маңдағы өз аумағына қақпа құрылысын бастаған», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ведомстводағылар жақында ғана екі жақтың шекара өкілдері кездесу өткізіп, құрылыс жұмыстарын жүргізбеуге келіскенін атап өтті.

«Қолжеткізілген келісімге қарамастан Тәжікстан азамататры құрылыс жұмыстарын жалғастырған. Оған жауап ретінде Қырғызстан азаматтары да құрылыс жұмыстарын жүргізген. Сағат 19.30 шамасында тәжік әскери қызметкерлері қатаң түрде ескерту жасап, қырғызстандықтардан құрылысты тоқтатуды талап еткен. Оның арты ұшығып атысқа ұласқан», - делінген хабарламада. 

Ал, Тәжікстан тарпы болса атысты бірінші борлып көрші қырғыз шекарашылары бастағанын айтады. Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі берген мәлімет бойынша, бірінші болып қырғыз шекарашылары оқ атып, бірнеше шекарашының жарақаттаған.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы