Қырғыздың төкпе ақыны Эльмирбек Иманалиев дүниеден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғыздың төкпе ақыны, комузшы, халық әртісі Эльмирбек Иманалиев 42 жасына қараған шағында дүниеден өтті.
Эльмирбек Иманалиев 1978 жылы 17 қаңтарда Тоқтағұл облысы Озгоруш ауылында дүниеге келді. 13-14 жасында комуз ойнай бастаған Эльмирбек Иманалиев бірнеше ұлттық және халықаралық айтыстардың жеңімпазы, бірнеше танымал әуендердің авторы еді.Ол "Айтыш" қоғамдық қорында көптеген жас ақындарды тәрбиелеп шығарды.
Элмирбек Иманалиев қазақтың домбырасы мен тілін еркін меңгерген әрі қазақ өнерпаздарымен достықта болған және халықаралық айтыстарда қазақ ақындарымен бірнеше мәрте сөз жарыстырған ақын еді. Элмирбектің қазасына Дәулеткерей Кәпұлы, Елена Мәжитқызы, Еркебұлан Қайназаров секілді қазақ ақындары да қырғыз халқына қайғыра көңіл білдіруге.
Қырғыз ақыны Элмирбек Иманалиев дүниеден озыпты! Қазақтың әнін, тілін өз тіліндей сүйетін, қомуз бен домбыраны қатар меңгерген жігіт еді! Талай рет айтыста бірге жүріп едік. Менің әндерімді өзіме айтып беріп жүретін... Қырғыз өнерпаздарының ішінде бір жайсаңдығы, тазалығы бар талант иесі еді. Иманы саламат болсын!, – деп жазды Елена Мәжитқызы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда 13 күнде аурухана салынды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы