Ықпалды Парламенті бар өркениетті президенттік жүйеге ауысуымыз қажет деп санадым - Президент
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия-24» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Қазақстан 1990 жылдардың соңы мен 2000 жылдардың басында өз дамуында өте үлкен серпіліс жасады. Бірақ өмір бір орында тұрмайды. Өзгерістер, реформалар қажет. Сондықтан мен ықпалды Парламенті бар, атқарушы билік Парламент пен халқының алдында есеп беретін өркениетті президенттік жүйеге ауысуымыз қажет деп санаймын. Парламентке қатысты айтар болсақ, төменгі палатаға келесі сайлау мүлдем жаңа ережелерге сәйкес өтеді. 70%-ы – партиялық тізім деп аталатын пропорционалдық жүйе, ал 30%-ы – бірмандатты округтер бойынша мажоритарлық жүйе, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Айтуынша, мұндай аралас жүйе республикада бұрын да болған.
Мұндай жүйе бұрын да болған. Біз пропорционалдық жүйемен жұмыс істеп, одан толықтай ауытқып кеттік. Бұрынғы жүйеге қайта оралдық деп айтуға болады. Бірақ ол жерде партиялықтар мен бірмандаттылардың арасындағы пропорция басқаша еді. Бірмандаттылар айтарлықтай едәуір болатын. Жаңа Парламентте бірмандаттылар 30% болады, бұл өте көп. Әрине, Парламенттің қызметіне қатысты бірқатар заңдарды өзгертуге тура келеді. Бұл үлкен жұмысты талап етеді. Жыл соңына дейін еңсереміз деп ойлаймын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.