"Йод пен QazVac қана бар" – Аймағамбетов ғылым мен дәрі бағасындағы былықты ашты
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов дәрі-дәрмек бағасының шектен тыс өсіп кеткенін, ал медициналық ғылымда айтарлықтай жетістік жоқ екенін сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов дәрі-дәрмек бағасының шектен тыс өсіп кеткенін, ал медициналық ғылымда айтарлықтай жетістік жоқ екенін сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, дәрілердің бағасы кейде өндіруші зауыт бағасынан 172%-ға дейін көтерілген.
Препараттарға шамадан тыс маркетингтік және тасымалдау шығындары қосылып, баға бірнеше есе өсіп кеткен. Тіпті кейбір дәрілер түпнұсқадан да қымбат. Бір ғана мысал – түпнұсқа препарат 344 теңге тұрса, отандық баламасы 1273 теңгеге дейін жеткен. Бұл – төрт есеге қымбат, – деді Аймағамбетов.
Депутаттың мәлімдеуінше, бір дәрінің әртүрлі дәріханалардағы бағасы 3-5 есеге дейін ауытқиды. Ал Еуропа елдерінде дәріге қойылатын үстеме баға 30 пайыздан аспайды.
Сонымен қатар Аймағамбетов медициналық ғылымдағы ахуалдың да мәз емес екенін айтты.
QazVac-тан басқа ештеңе жоқ деуге болады. Соңғы 10 жылда тек 2 препарат әзірленген – йод пен калия йодиды. Бұл жобаларға 4,6 млрд теңге жұмсалған, бірақ олардың бірде-біреуі ұлттық формулярға енгізілмеген, яғни қолданылмайды, – деді депутат.
- Артық жүк жолды тоздырып жатыр: «ҚазАвтоЖол» 870 мың заң бұзушылықты тіркеді 23:15
- Астанаға ағылған халық: 6 айда елордаға 32 мың адам көшіп келген 22:49
- Қазақстан мен Әзербайжан пароммен жолаушылар тасымалын қайта бастайды 22:31
- Алматы облысында 18,1 млрд теңгелік жылыжай кешені бой көтеріп жатыр 21:56
- Жаңбыр мен аптап ыстық: 10 қыркүйекте бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 21:20
- Жүргізушілерге ескерту: Астанада маңызды жол учаскесі 6 күнге жабылады 20:56
- Қазақстанда жылжымайтын мүлік сату тәртібі өзгерді: Енді нотариусқа қатысты маңызды талап бар 20:33