Үйінде 1 келіден артық есірткі сақтаған шымкенттік ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттіктің пәтерінен есірткі заты табылып, тәркіленіп алынды деп хабарлайды Polisia.kz.

7 тамызда Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері республикалық деңгейде өткізіліп жатқан “Қарасора – 2020” және “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілген жұмыстар барысында Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы көпқабатты үй пәтерлерінің бірінде полиэтиленді пакетке оралған есірткіге ұқсас заттарды сақтаған 1995 жылы туған жергілікті тұрғынды ұстады. 

Сарапшы қорытындысына сәйкес үй ішінен тәркіленген зат жалпы салмағы 1 кг 39 гр құрайтын марихуана есірткі заты екендігі анықталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеп-тексеру басталды. Қазіргі таңда осы есірткі затының пайда болу жолдары мен оның заңсыз айналымға салыну деректерін анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілуде.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы