Йемендіктер аман қалу үшін ағаш жапырақтарын жеуге мәжбүр – БҰҰ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Йемендегі отбасылар аман қалу үшін ағаш жапырақтарын жеуге мәжбүр. Бұл туралы БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының Twitter-дегі парақшасында айтылған, деп хабарлады Анадолу сайты.
Елде шиеленіс пен экономикалық дағдарыс ушығып, ашаршылық барлық жерде белең алуда.
Ұйымның хабарлауынша, елдің солтүстік-батысындағы Хаджа провинциясы сияқты соғыс болып жатқан кейбір аймақтардағы отбасылар аман қалу үшін ағаш жапырақтарын жеу сияқты шарасыз шараларға баруда.
2021 жылдың 22 желтоқсанында Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы қаржыландырудың болмауына байланысты 2022 жылдың қаңтарынан бастап Йеменге азық-түлік көмегін қысқартатынын жариялады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Техникалық бақылауды алып тастауға болмайды - Тимур Елеусізов
Өзгелердің жаңалығы