Йеменде жанармай құю стансасы жарылып, 10 адам қаза тапты
Йемендегі әл-Байда провинциясында жанармай құю стансасы мен газ қоймасы жарылып, 10 адам қаза тауып, 65 адам түрлі жарақат алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Yemen Online мәліметтері бойынша, Сахер ауданында болған жарылыс тізбекті реакция тудырды, салдарынан көршілес орналасқан екі жанар-жағармай құю станциясы мен жақын маңдағы коммерциялық қоймалар отқа оранды.
Жарылыс кезінде жанар-жағармай құю станциясында көптеген адам болып, жарылыс кезінде қашуға тырысқан олар аласапыранға бой ұрды.
Жергілікті үкімет өкілінің айтуынша, жанар-жағармай құю станциясындағы жарылыс салдарынан кем дегенде 10 адам қаза тауып, 65-тен астамы жарақат алған.
Билік жарылыстың себебін зерттеп жатыр, әзірге бұл жағы беймәлім, – деп хабарлады Yemen Online.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада жол апатынан бірнеше адам зардап шекті
Өзгелердің жаңалығы