Йеменде су тасқынынан жеті адам қаза тапты
Йеменде төрт провинцияда болған қатты нөсер мен су тасқыны салдарынан жеті адам қаза тапты, олардың бесеуі – балалар, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Жергілікті биліктің мәліметіне сәйкес, ең көп зардап шеккен аймақтар – Шабва, Хадрамаут, Лахдж және Хадджа провинциялары.
Лахдж провинциясындағы Тубен ауданында тасқын бір адамның өмірін қиды. Тағы бес адам суға батып бара жатқан көліктерінен құтқарылды. Сонымен қатар бірнеше тұрғын үй қирағаны хабарланды.
Йемен Ішкі істер министрлігінің дерегінше, Шабва мен Хадрамаутта үш адам, оның ішінде екі бала ағын суға ағып кетіп көз жұмды.
Бұған дейін хуситтер бақылайтын "26 September Net" сайты Хадджа провинциясында үш баланың қаза тапқаны және бір үйдің қирағаны туралы хабарлаған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Таза Қазақстан": Астанада Stop Musor экосенбілігі өтті
Өзгелердің жаңалығы