Йеменде өткен жылдың басынан бері 139 адам H1N1 тұмауынан көз жұмған

Алматы, BAQ.KZ. Бұл жайында осы елдің Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі мәлім етті, деп жазды Синьхуа агенттігі.

Агенттіктің мәліметінше, тұмаудан көз жұмғандардың басым көпшілігі Сана, Амран және Ибб елді мекендерінің тұрғындары.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің айтуынша, эпидемияның таралуы әлі де жалғасуда. Оған себеп, көптеген жылға созылған соғыстың әсерінен елдегі медициналық нысандар қираған және H1N1 тұмауын емдеу өте күрделі. Осыған орай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Йеменге тұмаудың алдын алатын көп дәрі-дәрмек жеткізген, алайда ол эпидемияға қарсы тұруда жеткіліксіз көрінеді.

Медициналық мекемелердің статистикалық мәліметіне сүйенсек, осы жылдың басынан бері тек Сана елді мекенінде 107 адам H1N1 тұмауын жұқтырса, оның 22-сі осы дерттен көз жұмған екен.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы