Үйден шықпай-ақ дәрігерден кеңес алуға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардан үйде қалуын сұрайды.
Аурудың алғашқы белгілері байқалғанда, учаскелік дәрігерден кеңес алу қажеттілігі туындаған жағдайда мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай, ҚР электрондық үкімет порталында алуға болатынын естеріңізге саламыз: емханаға тіркелу, дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру. Онлайн көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша нұсқаулықты назарларыңызға ұсынамыз, - делінген хабарламада.
еGov порталындағы жеке кабинет арқылы мемлекеттік қызметтерді алу
жөніндегі нұсқаулық: https://youtu.be/P2HU4QNHWwo
Телеграм арқылы мемлекеттік қызметтерді алу жөніндегі нұсқаулық:
https://youtu.be/djnc63TTVRA
Facebook арқылы мемлекеттік қызметтерді алу жөніндегі нұсқаулық:
https://youtu.be/bB35O9WTGmY
Вконтакте арқылы мемлекеттік қызметтерді алу жөніндегі нұсқаулық:
https://youtu.be/gSNksIcwJy8
Өзін-өзі оқшаулау және басқа да алдын алу шараларын сақтау коронавирустық инфекцияның таралуын тежеуге мүмкіндік береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық танымал дизайнер қайтыс болды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы