Ява аралында Мерапи жанартауы оянды
Индонезияда орналасқан Ява аралында Мерапи жанартауы оянды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Табиғи апат салдарын жою бойынша ұлттық агенттік таратқан мәліметке сәйкес, Ява аралында үшінші деңгейдегі қауіптілік жарияланды.
Сондай-ақ адамдарға кем дегенде 7 шақырым арақашықтықта жанартауға жақындауға тыйым салынған.
Кратердің көшкін ағыны 1,5 шақырым арақашықтыққа жайылды.
Жанартаудың оянуы салдарынан қою жанартаулық тозаң ауа тарап жатқаны белгілі болды.
Табиғи құбылыстан зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар туралы мәлімет жоқ.
Биіктігі 2910 метрді құрайтын Мерапи – Индонезиядағы ең белсенді жанартаулардың бірі болып саналады. Елде барлығы 130-дай жанартау бар.
Еске сала кетейік, 2010 жылы жанартаудың атқылауынан 347 адам қаза тапқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тасқынға – тосқын: павлодарлық төтеншеліктер тас-түйін дайын
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы