Yandex Qazaqstan Көрісу күніне қатысып, Отпантауға арнайы бағыт ашты
Yandex Qazaqstan Маңғыстау облысындағы ең биік нүкте – Отпантау басында өткен Көрісу күні (Амал мерекесі) аясындағы дәстүрлі шараға қатысты.
Yandex Qazaqstan Маңғыстау облысындағы ең биік нүкте – Отпантау басында өткен Көрісу күні (Амал мерекесі) аясындағы дәстүрлі шараға қатысты.
Компания мерекеге келген қонақтар үшін арнайы киіз үй тікті, сонымен қатар Яндекс Go сервисінде Отпантауға дейінгі арнайы бағытты іске қосты. Бұл мерекеге қатысушылардың сапарын жеңілдету үшін арнайы ұйымдастырылды.
Көрісу күні 14 наурызда атап өтіледі және Батыс Қазақстан өңірлерінде Наурыз мейрамының бастауы саналады. Бұл күні адамдар бір-бірімен көрісіп, қол алысып, құшақтасып, ізгі тілектер айтады. Мереке жаңару, татулық және жаңа өмір кезеңінің басталуын білдіреді.
Дәстүр бойынша, мерекенің негізгі рәсімдерінің бірі – Отпантау шыңында бірлік отын жағу. Бұл орын өңір тұрғындары үшін айрықша мәнге ие және жыл сайын мерекені бірге атап өту үшін жиналған көпшіліктің басын қосады.
Көрісу күні – адамдарды жақындастыратын, дәстүрдің қадірін еске салатын ерекше мереке. Бізге осындай маңызды шараларға қатысып, адами жылулықты арттыра түсуге үлес қосу маңызды. Соның бірі, әрине, ыңғайлы жол жүру мүмкіндігін ұйымдастыру, – деді Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекенов.
Биыл Yandex Qazaqstan мерекеге келген қонақтар үшін киіз үй тігіп, қонақтарды дәстүрлі тағамдар – наурыз көже мен бауырсақпен қарсы алды. Сонымен қатар, Яндекс Тағам курьерлері де жиналған халықты аралап, дәм ұсынып, мерекелік көңіл-күй қалыптастыруға қатысты.
Сондай-ақ, 13-14 наурыз күндері Яндекс Go сервисінде «Қалааралық» сервис аясында Ақтау – Отпантау және кері бағытта арнайы маршрут іске қосылды. Отпантау елді мекен болып саналмайтындықтан, басқа кезде мұндай бағыт жоқ. Арнайы іске қосылған маршрут өңір тұрғындары мен қонақтарына мереке өтетін жерге ыңғайлы жетіп, кері қайтуға мүмкіндік берді.