Яндекс Go брендті жаңартты
Яндекс Go өз брендін, дәлірек айтсақ, жайғастыруды, визуалды стильді және байланыс үндестілігін жаңартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаңару қолданбаның барлық таныс және жаңа мүмкіндіктерін көрсетуге көмектеседі. Ал бұл күнделікті өмірде түрлі тапсырмаларды шешуді жеңілдетеді: қала бойынша сапар шегу ғана емес, оның ішінде, мысалы, тамаққа тапсырыс беру немесе көңіл көтеруді жоспарлау.
Яндекс Go миссиясы – адамдардың күнделікті өмірін жеңілдету. Қолданба күн сайын көмектесетін сценарийлер санын үнемі кеңейтіп отырады.
Адамдар қолданбада қала бойынша такси мен самокаттармен сапар шегуден басқа қоғамдық көліктерге арналған бағыттарды жиі белгілейді, жанармай құю стансаларында көліктерінің жанармай ақысын төлейді, сүйікті мейрамханалардан тағамдарға, дүкендерден азық-түлік пен тауарларға тапсырыс береді, концерттерге, спектакльдерге және басқа да іс-шараларға билеттер сатып алады.
Яндекс Go адамдардың жаңа қажеттіліктеріне жауап бере отырып, олардың өмірін ыңғайлы етуге ұмтылу арқылы қолданбаның мүмкіндіктерін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.
Сервис визуалды стиль мен логотипті жаңартты, сондай-ақ ол такси көліктеріндегі брендингті өзгерте бастады. Яндекс Go фирмалық белгішесі өзгерді — енді Go қара түсті әріптері сары фонда орналасады.