Ян Топлес қазақстандық блогерлерге сырын айтты

YouTube-де 7 миллионға жуық көрермені бар танымал блогер Ян Топлес Comic Con Astana фестиваліне келді. Ол өз көрермендерімен жүздесіп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Блогер каналында көпке таралған мифтерді, жалған ғылыми теориялардың дұрыс не дұрыс еместігін анықтауға тырысады. Негізгі бағыттары - физика, астрономия және биология салалары. 

Қазақстандық көрермен Ян Топлеске "Неге каналдың атауы Топлес?" деп сұрақ қойды. 
 

Басында бірнеше атау ойлап тауып көрдік. Мәселен, фактілерлі әшкере ету деген сияқты. Бірақ біз бұл сөзді ұнатпадық. Егер сіз интернет бетінен «топлес» сөзін терсеңіз, бірінші жолдарға жалған ғылымды әшкерелейтін мәліметтер шығады. Әрі топлес сөзін адамдар жиі іздейді , – деп жауап берді Ян Топлес. 

Оның сөзінше, хейтерлерге ренжуге болмайды. Сондай-ақ You Tube каналға әр тақырып жоспарлы түрде шығатынын айтады. Топлес келесі видео контенті не туралы екенін егжей-тегжейлі айтып берді. 
 

Келесі тақырып -«Сандар бар ма?» деген сұрақ. Олар біздің әлемімізде шынымен бар ма, әлде адамдар ойлап тапты ма деген сұрақтарға жауап аламыз, - дейді Ян Топлес.

Блогер қазақстандықтардың туралы пікрін айтты.

Мұнда адамдар күліп жүреді және ақкөңіл екен. Бұл маған ұнайды, - деді ол.

Еске сала кетейік, Астанада косплейшілер бәйгесі өтіп жатыр. Елімізде Шоқан Уәлиханов туралы мультсериал шығатыны туралы осыған дейін жазғанбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы