Ямайкада "Мелисса" дауылы салдарынан 28 адам қаза тапты

Ямайкаға соққан жойқын «Мелисса» дауылының құрбандарының саны 28 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы елдің премьер-министрі Эндрю Холнесс мәлімдеді. Ол іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын және қаза тапқандар саны әлі де өсуі мүмкін екенін айтты.

Бұған дейін билік 19 адамның қаза болғанын растаған еді.

ABC News мәліметінше, қуаты бесінші санатқа жеткен дауыл 28 қазанда аралға соққан. Табиғи апат ауқымды қирауларға, электр энергиясының үзілуіне және жағалаудағы аймақтардың су астында қалуына себеп болды.

Құтқарушылар үйінділерді тазалау және зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ел билігі инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін халықаралық қолдау тартуға дайынбыз деп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы