Ұялы байланыс операторларына бір айға тарифтік жоспарлар жасауды міндеттеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұялы байланыс операторларына толық айға тарифтік жоспарлар жасауды міндеттеді деп хабарлайды Инновация және аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, енді ұялы оператордың өзінің желісінде күнтізбелік ай үшін абоненттік төлеммен тарифтік жоспары болуы тиіс.Жаңа енгізілімнің арқасында абоненттер тарифтік жоспарлардың бірінің әрекет ету мерзімін таңдай алады. Егер абонент тарифтік жоспарға айдың соңғы күні қосылса, абоненттің жеке шотынан келесі ақшаны есептен шығару келесі айдың соңғы күні болады. Сонымен қатар осындай тарифтік жоспардағы қызметтер көлемі аяқталғаннан кейін оператор абоненттің келісімінсіз қосымша қызметтер көлемі үшін ақы ала алмайды, – делінген хабарламада.
Жаңартылған ережелерде "Базалық тарифтік жоспар" ұғымы енгізілді. Бұл тариф абоненттік төлемді талап етпейді және адам нақты пайдаланған минут немесе SMS санын ғана төлей отырып, қоңырау шалуға және SMS жіберуге мүмкіндік береді.
"Базалық тарифтік жоспар" нөмірді басқа ұялы байланыс операторының желісінен ауыстырғанда, абонент өзінің жаңа тарифтік жоспарын таңдауды әлі анықтамаса, сондай-ақ, адам пайдаланатын тарифтік жоспары бар болуын тоқтатқан жағдайда қосылатын болады.
Бұған дейін ұялы байланыс операторы абоненттің тарифті таңдауы болмаған жағдайда оны әдеттегі кез келген жоспарға қоса алады.
"Базалық тарифтік жоспарға" өзгерістер байланыс операторы жылына бір рет енгізе алады, бұл туралы ол абонентті нақты өзгерістерге дейін күнтізбелік отыз күн бұрын хабардар етуге міндетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
18 мамырдан бастап қоғамдық тамақтану орындары ашылады
Келесі жаңалық
Қаржы министрлігі: Мемлекеттік сатып алу туралы ашық диалог
Өзгелердің жаңалығы