Ұялы байланыс нөмірін тіркеу абоненттің өз қауіпсіздігі үшін қажет – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ақпарат және даму министрі Дәурен Абаев ұялы байланыс нөмірін тіркеудің не үшін қажет екенін түсіндірді.
Ұялы байланыс абоненттеріне өз нөмірін тіркеуді міндеттейтін заң бар. Қазір сол заңның орындалуын көріп отырмыз. Расында да, Ақпарат және коммуникациялар министрлігін басқарғанда осы мәселе бойынша бірнеше рет түсіндірдім. Қазір бұл саладағы мемлекеттік саясатты Цифрлық даму министрлігі жүргізеді. Бірақ менің бұл мәселе туралы пікірім өзгерген жоқ. Мемлекет министрлік арқылы абоненттердің өзі үшін бәрін ретке келтіріп жатыр, - деді министр "Хабар" арнасындағы "Ашық диалог" бағдарламасында.Оның айтуынша, тіркелмеген нөмірлерді өшіру сәл ертерек жүргізілуі тиіс еді, бірақ мемлекет алдымен ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ұйғарған.
Осыған қарамастан, көптеген абоненттер байланыссыз қалғанда ғана қозғалды. Алғашында наразылық көп болды, бірақ адамдар өз атына қанша нөмірдің тіркелгенін көріп, мемлекеттің дұрыс жұмыс атқарып отырғанын түсінді. Өйткені, ұялы нөмір – мемлекеттік қызметтерге, ақша транзакциясына, төлемдерге рұқсат беретін адамның жеке меншігі. Одан бөлек, адамның өз қауіпсіздігі мәселесі бар. Егер оның нөмірі өзге адамның атына тіркелсе, ол нөмірді өшіріп тастай алады немесе баланс шығарып, жеке деректерді алуы да ғажап емес. Егер тұрғынның атына өз рұқсатынсыз нөмір тіркелсе, бұл нөмір қолданушысы алаяқ немесе телефон лаңкесі болып шықса, тағы мәселе туындайды. Құқық қорғау органдарына барып, заңға қайшы ештеңе істемегенін дәлелдеу қаже, - деп түсіндірді Дәурен Абаев.Еске сала кетейік, 2019 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда абоненттік құрылғыларды тіркеу процесі аяқталған болатын. Бұл мобильді телефондардың ұрлануына, алаяқтыққа қарсы күрес мақсатында істеліп отыр. 24 қазанда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникация комитетінің төрағасы Виталий Ярощенко ұялы байланыс қызметінің үзілу себебін атады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дания "Солтүстік ағым-2" құрылысына келісті
Өзгелердің жаңалығы