Якутиядан ең көне гауһар табылды

Ғалымдар Якутия жерінен әлемдегі ең көне гауһар тас тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

MK.ru мәліметінше, бұл адам тапқан ең көне гауһар тас.

Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің Геология және минералогия институтының жетекшісі Николай Похиленко гауһарға шамамен 3,6 миллиард жыл екенін айтты. Алмаздың өлшемі 0,3 мм.

Біз ашқан гауһар сингенетикалық сульфидті қосындысы бар, жасы шамамен 3,6 миллиард жыл. Бүгінгі күнге дейін белгілі болған ең көне алмаз, - деді Николай Похиленко. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: otyrar.kz
Өзгелердің жаңалығы