Якутияда болған өрт салдарынан бес адам көз жұмды
Якутияның Сунтар ауданында өрт шығып, салдарынан бес адам, оның ішінде үш бала қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ресей ТЖМ-нің өңірлік басқармасының мәліметінше, қаза тапқандардың мәйіттері өртті сөндіру барысында табылған. Өрт шарпыған аумақ шамамен 24 шаршы метрді құраған.
Өртті сөндіруге республикалық өртке қарсы қызметтің алты қызметкері мен екі техника жұмылдырылған.
Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖМ анықтаушылары мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Швейцариядағы өрттен зардап шеккен 80 адамның жағдайы ауыр
Өзгелердің жаңалығы