Үй-жайларда дезинсекцияны қалай дұрыс жүргізу керек
Астана, BAQ.KZ. Дезинсекция – бұл ашық алаңда немесе пәтерде белгілі бір аумақта жәндіктерден арылту бойынша іс-шаралар кешені.
Үй-жайды қандаладан дезинсекциялау кезінде тікелей жәндіктерге арналған уытты, бірақ адамдарға зиянсыз инсектицидтік заттармен өңделеді. Үй-жайды қандалаларды жоюға арналған құралдармен және препараттармен өңдеу міндетті түрде дайындықты қажет етеді. Дезинсекциялық (инсектицидтік) препараттардың көпшілігі балалар мен үй жануарларына зиянсыз. Барлық отбасын уақытша қайда жіберуге болатындығын ойластыру керек, міндетті түрде көршілерге алдағы өңдеу туралы ескертіп айту қажет.
Мынадай өңдеу түрлері бар:
Қолмен жасау әдісі жәндіктер табылған кезде тұрғын үй пәтерлері үшін қолайлы.
Генератормен өңдеу салқын тұманды пайдалануды талап етеді, бұл қандалалардың таралуының асқынған жағдайларын өңдеу кезінде, сондай-ақ қоқыстанған пәтерлерде немесе қойма үй-жайларында тиімді.
Қандалалардың ең сүйікті тіршілік ету орындары - матрастар, кілемдер мен паластар, терезе алды, розеткалар, жиһаздың сырт жағы, еден мен қабырғалар, әсіресе обойдың көтерілген жері.
Үй-жайды (пәтерді) өңдеуге дайындау:
Өңдеу жүргізген кезде терезелер ашық болу керек, пәтердегі заттар, азық-түлік және жиһаз туралы бөлек ойластырыңыз.
Дезинсекциялау алдында келесі сәттерді ескеру қажет:
зарядтау құрылғыларын, компьютер тінтуірін, пернетақтаны, теледидардың пультін жасыру керек; төсек әбзелдерін және жапқыштарды жоғары температурада жуып, оларды міндетті түрде үтіктеу керек; пәтерді шаңсорғышпен тазартып, шаңды сүртіп, еденді жуу керек.
Ас үйде үй жануарларының барлық ыдыстары мен табақтарын алып қою қажет; ас үй жабдықтарын жасыру немесе мұқият жауып қою керек; жәндіктерді зарарсыздандырғаннан кейін жинау уақытын үнемдеу үшін орындықтарды, үстелдерді және үстелдің үстіңгі тақтайын пленкамен орап қою қажет.
Санитарлық тораптарда - барлық жеке гигиена заттарын, сүлгілер мен халаттарды, шампунь, гель, крем салынған барлық құтыларды жасыру керек.
Мұндай ұсынымдар жеке меншік үйлерді, саяжайларды және коттедждерді дезинсекциялауға дайындау үшін де маңызды. Бұдан басқа, шатырға қолжетімділікті қамтамасыз ету керек, өйткені бұл қандалалар дәл сол жерге ұялауы мүмкін.
Дезинсекциядан кейінгі әрекеттер:
Үй-жайды өңдеу кезінде оны бірнеше сағатқа, кейде бірнеше күнге тастап кеткен жөн.
Оралғаннан кейін ұсынылады:
Бөлмелерді жарты сағат бойы желдету қажет. Жиі жанасатын заттарды (үстелдер, ыдыстар) жуу керек. Өңдеуге түскен азық-түліктерді лақтыру қажет, заттар мен киім-кешектерді жоғары температурада жуу керек.
Осындай қызметтерді көрсетумен айналысатын мамандандырылған компанияларға хабарласыңыз.
Бұл қызметке хабарласқан кезде:
· пәтерді өңдеуге дайындау жөніндегі нұсқаулықты нақтылау керек;
· белгілі бір уақыт ішінде пәтерде қандалалардың болмайтындығына, ал егер пайда болатын болса, онда компания қызметкерлерінің қайтадан келетіндігіне кепілдік алу қажет;
· жұмыс күні мен уақытын келісу керек;
· дезинсекциядан кейін үй-жайды дұрыс тазарту үшін қандай препараттарды сатып алу керектігін білу қажет.
Абай болыңыз! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!