Үй карантинінде болғандарға "больничный" беріле ме? – Бекшин жауабы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Медициналық мекемелерге карантинге жатқызылған жағдайда оларға денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыз парағы беріледі.
Мұндай анықтама үй карантинінде не өзін оқшаулаған жағдайда да беріледі. А санатына жатқан елдерден үшінші елдер арқылы келгендер бірден медициналық мекемеге карантинге 14 күнге жатқызылады. Ал 1В және 2 санатынан келген елдер үй карантинінде 14 күн болды. Біз шекаралық қызметкерлерден тізім аламыз және оларды жергілікті жер бойынша медициналық мекемелерге береміз. Сол тізім бойынша үй карантинінде болған азаматтарға медициналық мекемеден "больничный лист" беріледі, - деді бас санитар Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Сонымен қатар, бас санитар Сауд Арабиясы мен Египеттен келген азаматтардың карантинге жатпайтынын айтып, коронавирус ушығып тұрған ЕуроОдақ елдеріне сапар жоспарламауды сұрады.
Бізді алаңдатып отырған Еуропа өңірлері. Біздің Еуропамен қарым-қатынасымыз көп. Бұл елдерге сапар жоспарлаудың қажеті жоқ. Тағы туыстар, достар келеді. Осындай сапарларды тоқтатқан дұрыс. Араб Әмірліктері мен Египеттен келген қазақстандықтар карантинге жатпайды. Тек оларда ЖРВИ белгілері анықталған жағдайда емханаға бармай, үйге жедел жәрдем жақырған жөн, - деді Бекшин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қытайда қонақ үй құлап, 20 адам қаза тапты
Өзгелердің жаңалығы