XXXIII Жазғы Олимпия ойындары: Қазақстан спортшылары қатысатын жарыстар

XXXIII Жазғы Олимпия ойындарын Qazaqstan, Qazsport, Хабар, Ел арна және JibekJoly телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Олимпиада Ойындарының кезекті жарыс күнінде көркем гимнастикадан Париж Олимпиадасында Эльжана Таниева өнер көрсетеді

Еркін күрестен Мейрамбек Қартбай (57 келі) және Азамат Дәулетбеков (86 келі) Париж боз кілемінде бақ сынайды.

Спорттық құзға өрмелеуден Олимпиада рекордын жаңартқан Әмір Маймұратов 1/4 финалға қатысады.

Байдарка мен каноэде ескек есу жарысында әйелдер арасындағы 200 метр қашықтықта Мария Бровкова жарыс жолына шығады.

Қазіргі бессайыстан Елена Потапенко мен Георгий Борода-Дудочкин жарыс жолына шығады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы