XXV Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. XXV Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысы басталды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шараны Ресей Президенті Владимир Путин ашады. Сессияда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ бейнеконференция байланысы арқылы Египет Президенті Абдул-Фаттах Ас-Сиси сөз сөйлейді.
Форум қатысушыларына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бейнеүндеу жолдайды. Спикерлер сөз сөйлеп болған соң сұрақ-жауап форматында ашық пікірталас өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мәжілістің жанынан Қоғамдық палата құрылады
Өзгелердің жаңалығы