Трампты билікке әкелген адам XVI Еуразиялық медиа форумының хэдлайнері болмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. XVI Еуразиялық медиа форумының спикерлері құрамында белгілі саяси қайраткер, қазіргі АҚШ президенті әкімшілігінің ең беделді қызметкерлерінің бірі болған Стивен Бэннон және тағы басқалар бар.
Стивен Бэннон – АҚШ Президенті Дональд Трамптың аға кеңесшісі және стратегиялық мәселелер бойынша бұрынғы бас маманы.
Бэннон ұлттық қауіпсіздік мәселесін зерттеу бойынша магистр дәрежесін Джорджтаун университетінде және іскер әкімшілік магистр дәрежесін Гарвард университетінің Бизнес мектебінде алған. Ол әскери-теңіз күштерінің офицері, АҚШ-тың «Пол Фостер» әскери кемесінде Тынық мұхиты, Аравия теңізі, Парсы шығанағында әскери міндетін өтеген. Пентагонда әскери-теңіз операциялары бойынша қолбасшының арнайы көмекшісі қызметін атқарған.
2016 жылы Стивен К.Бэннон Дональд Трамптың президенттік кампаниясын басқарған. 2017 жылы Ақ үйде АҚШ Президенті Дональд Трамптың аға кеңесшісі және стратегиялық мәселелер бойынша бас маманы лауазымында болған.
Бэннон мырза – бірқатар мадақталған деректі фильмдердің режиссері, ақпараттық Breitbart News веб-сайтының атқарушы төрағасы. Банктік Goldman Sachs конгломератының бірігуі мен сіңіру бойынша маман ретінде жұмыс істеген.
Бэннон – белсенді азаматтық ұстанымы бар жан. «Азаматтар Америка Республикасы үшін!» қоғамдық қозғалысының негізін қалаушы. Бұл ұйым коммерциялық емес болып табылады. Сондай-ақ, билікті асыра пайдалану мәселелерін бойынша іс жүргізетін Заң үстемдігі қоғамының төрағасы. Ол бүкіл әлемдегі қоғамдық саяси белсенділік пен танымал ұлттық идеяларды қолдайтын Еуропа, Оңтүстік Африка мен Азиядағы «The Movement» ұйымының негізін қалаушылардың бірі болған.
«Біз қалқан салудамыз» ұйымының консультативтік кеңесінің төрағасы болып табылады. Ұйым мақсаты – АҚШ оңтүстік шекарасындағы қабырға құрылысын қаржыландыру.
Еуразиялық Медиа форум аясында Бэннон 24 мамыр күні «Сенім дағдарысы. Күштердің жаһандық бөлінісі» панельдік сессиясына қатысады.
Сессияның басты міндеті – халықаралық қатынас жүйесінің жаңа тиімді және тұрақты моделін іздеу.
Стивен Бэннерден басқа сессиядағы спикерлер құрамында келесі тұлғалар болады:
Бенита Ферреро-Вальднер (Аустрия) – аустриялық мемлекеттік және саяси қайраткері, Еуропалық Одақтың сыртқы байланыстары мен Еуропалық көршілік саясаты жөніндегі комиссары (2004-2009 жж);
Джордж Гэллоуэй (Ұлы Британия) – саясаткер, кітап авторы, журналист;
Джереми Кеттнер (Германия) – жаһандық тәуекелдер мен мемлекеттер бойынша талдаушы, мәдени дипломатия сарапшысы, жазушы және комментатор;
Марк Сигел (АҚШ) – Президент көмекшісі Д. Картера орынбасары, Демократиялық партия Ұлттық комитетінің атқарушы директоры (1973-1977 жж);
Михаил Гусман (Ресей) – журналист, ТАСС бас директорының 1-ші орынбасары;
Стивен Коул (Ұлы Британия), CGTN бағдарламаларының авторы және жүргізушісі.
XVI Еуразиялық Медиа форум 22-24 мамыр аралығында Алматы қаласындағы The Ritz-Carlton қонақ үйінде өтетінін естеріңзге сала кетейік. Форумның биылғы теглайны – «Бүгінгі әлем: шындық трансформациясы?».
Алдағы конференция барысында әлемдік және өңірлік деңгейдегі бірқатар өзекті мәселелерді талқылау жоспарлануда. Күн тәртібінде жаһансыздандыру процесінің, тұтынудың терең бойлап бара жатқан дағдарыс проблемалары, сондай-ақ халықаралық құқық мәселелері мен жасанды интеллект қолданудағы сын-қатерлер кеңінен талқыланады.
Форум шеңберінде медиа саласындағы кәсіби тақырыптар – сандық әлемдегі журналистиканың болашағы және блогосфера ықпалының өсуі көтеріледі.
Орталық Азияның жетекші тәуелсіз диалог платформасы ретінде Еуразия Медиа форумының (ЕАМФ) басты миссиясы – Қазақстанның, Еуразияның және бүкіл халықаралық қоғамдастықтың геосаяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуының негізгі проблемалары бойынша саясаткерлердің, журналистер мен сарапшылардың еркін және ашық диалогына жағдай жасау.