XII жазғы универсиада. Жарыс халықтың спортқа қызығушылығын арттырады - әкім

5 маусым «Маңғыстау-Арена» кешенінде еліміздегі жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы XII жазғы универсиада ойындарының ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шара қатысушы командалардың шеруінен басталып, театрландырылған қойылыммен жалғасты.

Шараға өңір басшысы Нұрлан Ноғаев, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев, универсиадаға еліміздің барлық өңірінен жиналған 50-ден астам университеттің студенттері мен мүшелері және жанкүйерлер қатысты.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Түркі мемлекеттерінің білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығын нығайту мақсатында биыл Қазақстанда ІІ Түркі универсиадасын ұйымдастыруды ұсынды. Сондықтан біздің Ақтау Универсиадасы бұрынғыларға қарағанда өзгеше. Осы жолғы доданың жеңімпаздары Қытайда өтетін Дүниежүзілік Универсиадаға және Түркі Универсиадасына жолдама алады. Өткізіліп отырған шараның өңіріміз бен қаламыз үшін де, еліміз үшін де маңызы жоғары. Бұл жарыс халықтың спортқа қызығушылығын арттырады. Барлық споршыларға сәттілік тілеймін, - деді Нұрлан Ноғаев.

Маңғыстау облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, универсиадаға Қазақстанның 50-ден астам жоғары оқу орнынан 3000 студент қатысып, 17 спорт түрінен бақ сынауда. Сонымен қатар, соңғы Универсиада жарыстары әр қалада, бірнеше университеттің базасында өткізіліп келсе, биыл барлық спорт ойындар мен жарыс түрлері тек қана Ақтау қаласында өтеді. 24 мамырда басталған жарыс 24 маусымға дейін жалғасатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы