WorldSkills Kazakhstan 2025: Астанада кәсіби шеберлік додасының алғашқы күні қалай өтті?

Бүгін X Республикалық WorldSkills Kazakhstan 2025 чемпионатының алғашқы күні таңғы сағат 9:00-де басталып, бірден 45 құзыреттілік бойынша сайыстарды іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Елордадағы «Экспо» халықаралық көрме орталығы мен серіктес ұйымдардың оқу-өндірістік базаларына жиналған қатысушыларға халықаралық WorldSkills стандарттарына сай шынайы өндірістік ортаға жақын жағдай жасалды.

Ұйымдастырушылар инфрақұрылымды толық дайындап, сайыс алаңдарын заманауи технологиялармен жабдықтады. Бұл өз кезегінде қатысушылардың кәсіби дағдысын объективті бағалауға мүмкіндік берді.

Чемпионаттың алғашқы күнінде сайыс алаңдарына 4 000-нан астам адам келді. Қонақтардың қатарында мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студенттері, өңірлік делегациялар, сарапшылар, серіктес ұйымдар мен БАҚ өкілдері болды. Келушілер сайыстарды тамашалап қана қоймай, кәсіби бағдар беру шараларына қатысып, жаңа технологиялармен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Алғашқы жарыстар электроника, мобильді робототехника, өнеркәсіптік дизайн, аспаздық іс, ақпараттық қауіпсіздік секілді бағыттарды қамтыды. Әрбір құзыреттілік бойынша бағалау процесіне тәуелсіз сарапшылар тартылып, қатысушылардың жұмысы халықаралық талаптарға сай бағаланды.

WorldSkills чемпионаты – тек кәсіби шеберлік додасы ғана емес, сонымен бірге техникалық және кәсіптік білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты күшейтетін маңызды алаң. Бұл шара еліміздегі жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, жастарды нақты еңбек нарығына бағыттауға қызмет етеді.

Еске сала кетейік, X Республикалық WorldSkills Kazakhstan 2025 чемпионаты 3-9 желтоқсан аралығында Астана қаласында өтуде. Финалистер 2026 жылы Қы

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Өзгелердің жаңалығы