WorldSkills-2022: Аймағамбетов колледж студенттерінің жұмысына баға берді

Республика колледждерінің 500-ден астам студенті «WorldSkills-2022» әлем чемпионатына жолдама алу үшін өз дағдыларын көрсетіп жатыр. Қатысушылардың конкурс алаңына Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов келді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі. 
 

Министр студенттердің шаштараз, аспаз, мехатроника, сырлау-сәндеу бағыты, сылау жұмыстары, кірпіш қалау, дәнекерлеу технологиялары және т.б. бағыттар бойынша жұмыстарымен танысты.

Асхат Аймағамбетов жұмыс берушілермен және колледж басшыларымен берілген академиялық еркіндік, дуалды оқыту және т.б. жобалардың артықшылықтарын талқылады.


Чемпионаттың өңірлік кезеңінен өткен үздік студенттер елордаға жиналып, өз шеберліктерін танытуда. WorldSkills - бұл кадрларды даярлаудың әлемдік стандарттары, олар біздің білім беру бағдарламаларымызға белсенді енгізіліп келеді. Президент біздің алдымызға жұмысшы мамандықтарды насихаттау және еңбек адамын қолдау міндетін қойып отыр. Біз өткізетін чемпионат - бұл жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және насихаттау шараларының бірі. Сондай-ақ, біз елімізді халықаралық деңгейде де танытып жатырмыз, біздің колледж студенттері үздік-15 мемлекеттің қатарына кіреді. Министрлік 2025 жылға дейін қажетті кәсіптер бойынша 100 пайыз тегін техникалық және кәсіптік білім беруді қамтамасыз етуді жоспарлап отыр, - деді министр Асхат Аймағамбетов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы