World Athletics әйелдер арасындағы жарыстар үшін міндетті гендерлік тест енгізді

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (World Athletics) әйелдер арасындағы жарыстарға қатысу үшін міндетті гендерлік тест енгізді. Тексеруден өтпеген спортшылар әйелдер санатындағы жарыстарға жіберілмейді, деп хабарлайды BAQ.KZ Sport.pl басылымына сілтеме жасап.

Жалпы, мұндай сынақтардың болғаны жақсы. «Ол ер адамнан ұтылды» деген сияқты пікірталастар тоқтайды. Спортшылардың проблемалары болмауы үшін тесттер қажет, – деді Польша жеңіл атлетика құрамасының дәрігері Ярослав Кшиванский.

Басылымның дерегінше, көптеген поляк спортшылары қыркүйекте Токиода өтетін әлем чемпионатына қатысу үшін жынысын растауға дайын.

Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылдың 6 ақпанында АҚШ президенті Дональд Трамп трансгендер спортшыларға әйелдер жарыстарына қатысуға тыйым салған болатын.

Сонымен қатар, бұл тақырып Иман Хелиф ісінен кейін қайта қызу талқылана бастады. Алжирлік боксшы туралы француз журналисі Джаффар Айт Аудиа 2024 жылдың қарашасында зерттеу жариялап, оның гендерлік тесттен өте алмағанын жазған. Тексеру барысында боксшыда жатырдың жоқ екені, бірақ ішкі аталық бездердің бары және микропениске ұқсас үлкейген клитор анықталғаны айтылды. Гормоналды сараптама Хелифтегі тестостерон деңгейінің ерлерге тән көрсеткіште екенін көрсетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы