Women Make Movies әйелдерге кино түсіруге көмектеседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нью-Йорктағы Women Make Movies ұйымының атқарушы директоры Дебра Циммерман Қазақстандағы АҚШ елшілігі ұйымдастырған онлайн брифинг барысында айтты.

Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы "48 сағатта кино түсіру" байқауы мен American Film Showcase бағдарламасы бірігіп ұйымдастырған Жазғы кино академиясының аясында өтетін шеберлік сабақтарына 80-нен астам өтініш қабылданған. Академияға қатысушылар саны ерекше көп болған.

Егер де сізде бәсекеге қабілетті жоба болса, біз сіздерге қолдау ретінде демеушілік көрсетеміз. Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 30-шы жылдары кино түсірген әйелдер бар. Әрине, біздің ұйым АҚШ-тық әйелдерден өзге елдердің әйелдеріне де қолдау көрсетеді, - деді Циммерман.
Айта кетейік, АҚШ Консулдығы осымен бесінші жыл қатарынан "48 сағатта кино түсіру" сайысын өткізіп келеді. Жыл сайын оған мыңнан астам команда қатысты. Қатысушылар екі күнде қысқаметражды кино түсірулері керек. Байқаудың жеңімпаздар АҚШ-қа тағылымдамадан өтуге барады. Биыл оны өткізуге мүмкіндік болмаған соң, Орталық Азиядағы кино түсіруге қызығатындарға Summer Film Academy аясында "воркшоптар" ұйымдастырылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Циммерман әлемде көшбасшы әйелдер артып келе жатқанын айтқан еді.   
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы