WKF каратэ: ұлттық құрама 39 алтынмен жалпы есепте 1-орынды иеленді

4-6 мамыр аралығында Өзбекстанның Самарқан қаласында WKF каратэден орталық Азия елдерінің чемпионаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлімдеді.

Жарысқа 10 жастан бастап ересектерге дейін ката және кумитэ бағдарламасында барлығы 7 елден 1000-ға жуық спортшы қатысты. Қазақстан атынан спортшы, жаттықтырушы мен төрешілерді қосқанда барлығы 400-ге жуық адам болды. Сонымен қатар еліміздің бірқатар төрешілері емтихан тапсырып, өз шеберлігін шыңдады.

Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы 39 алтын, 30 күміс, 47 қола медаль жеңіп, жалпы есепте 1-орынға ие болды.

1. Қазақстан: 39 алтын, 30 күміс, 47 қола

2. Өзбекстан: 22 алтын, 29 күміс, 58 қола

3. Түркменстан: 6 алтын, 7 күміс, 20 қола

4. Қырғызстан: 4 алтын, 2 күміс, 8 қола

5. Иран: 3 алтын, 3 күміс, 6 қола

6. Тәжікстан: 1 күміс.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы