«WhatsApp»-та ТЖ министрінің жеке құрамға арналған телефоны іске қосылды
2023 жылғы 4 қыркүйектен бастап «WhatsApp» мессенджерінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың ТЖ министрлігінің жеке құрамына арналған тікелей телефон нөмері іске қосылып, жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сонымен қатар азаматтық қорғау органдарының ардагерлері + 7 747 651 75 88 нөмірі бойынша жедел және шұғыл шешімді талап ететін өздерін қызықтыратын және проблемалық сұрақтарды министрге тікелей жолдауларына болады.
Сұрақ мәселенің түпкі негізін көрсететін нақты және түсінікті болуы қажет. Хабарламаны жіберген кезде өзі туралы деректерді: аты-жөні мен лауазымын, тұрғылықты өңірді көрсету қажет, - деп жазылан министрлік ақпаратында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Танымал DJ Бозжыра шатқалында жаңа бейнежазба түсірді
Өзгелердің жаңалығы