WhatsApp белсенді пайдаланушыларды көрсететін бөлім енгізбек
Аталған бөлім қазіргі уақытта әзірлену сатысында және бета-тестілеуге де толық енгізілмеген.
WhatsApp Android қосымшасында пайдаланушыларға контактілерді жылдам табуды жеңілдететін жаңа навигациялық өзгерістерді тестілеуде. Бұл туралы WABetaInfo хабарлады.
Жаңа функция аясында төменгі навигациялық жолақта арнайы «Контактілер» қойындысы пайда болуы мүмкін. Ол арқылы пайдаланушылар белсенді және жақында желіде болған адамдарды бір жерден көре алады.
Аталған бөлім қазіргі уақытта әзірлену сатысында және бета-тестілеуге де толық енгізілмеген. Дегенмен, жаңа интерфейс чаттар мен жаңартулар арасындағы навигацияны жеңілдетуге бағытталған.
Сонымен қатар WhatsApp күй жаңартуларын чаттар тізімінің жоғарғы бөлігіне орналастыруды, арналарға арналған сүзгілер қосуды және Meta AI құралдарын бөлек қойындыға біріктіруді де сынап жатыр.
Мамандардың айтуынша, бұл өзгерістердің барлығы қолданушыларға қосымша ішінде жылдам әрі ыңғайлы навигация жасау мақсатында енгізілуде. Дегенмен, әзірге қандай функциялар ресми түрде іске қосылатыны нақты емес.