Бүгiн 2026, 12:37 Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

WBO Жәнібек Әлімханұлының допинг-сынағына қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді

Қазақстандық боксшының жекпе-жек алдындағы допинг-тесті оң нәтиже көрсеткені хабарланды.

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне дайындықты бастағанын мәлімдеді.

Қазақстандық боксшының айтуынша, жақын күндері толыққанды оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін шетелге аттану жоспарланып отыр.

Мен алдағы жекпе-жекке дайындықты бастап кеттім. Егер бәрі сәтті болса, жақын күндері үлкен оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін шетелге аттанамыз. Алдымызда үлкен мақсат тұр. Біз тарих жазу жолындағы сапарымызды жалғастырамыз. Бізге артылған сенімді ақтап, көк туымызды тағы да биікке көтеру үшін бар күшімізді саламыз! – деді Әлімханұлы.

Еске салайық, өткен жылдың желтоқсан айында қазақстандық боксшының допинг-сынамасынан тыйым салынған мельдоний препаратының ізі анықталған болатын. Тергеу қорытындысы бойынша аталған препарат спортшының ағзасына әдейі емес, сәуір айындағы жекпе-жектен кейін Қазақстандағы клиникалардың бірінде ем қабылдау кезінде түсуі мүмкін екені айтылды.