3 Тамыз 2026, 02:36 Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

WBO рейтингі жаңарды: Жәнібек Әлімханұлы екінші орынға жайғасты

Бұл салмақтағы рейтингтің көшін мексикалық жұлдыз Сауль «Канело» Альварес бастап тұр.

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) супер орта салмақ дәрежесінің жаңартылған рейтингін жариялады.

Sports.kz-тің хабарлауынша, жаңартылған тізімге сәйкес, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) орта салмақтағы чемпиондық белбеуінен өз еркімен бас тартып, супер орта салмаққа ауысқаннан кейін бірден рейтингтің екінші орнына жайғасты.

Бұл салмақтағы рейтингтің көшін мексикалық жұлдыз Сауль «Канело» Альварес бастап тұр. Ал WBO нұсқасы бойынша қазіргі әлем чемпионы – британдық Хамза Шираз.

Еске салайық, 2026 жылғы 21 шілдеде Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO чемпиондық атағынан бас тартып, мансабын супер орта салмақта жалғастыратынын ресми түрде жариялаған еді.