WADA Ресейді 4 жылға спорттан шеттетуді ұсынды

Алматы, BAQ.KZ. Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (World Anti-Doping Agency, WADA) Ресейді төрт жылға халықаралық спорттық жарыстардан шеттетуді ұсынды. Бұл туралы New York Times басылымы жазды.

WADA комитетінің ұсынысында ресейлік спортшылар тарапынан допинг қабылдау әрекеті жиілеп, допингке қарсы заң бұзушылықтар орын алғаны айтылған.

Газеттің жазуынша, ресейлік атлеттер сайыстарға қатыса алады, алайда елдің әнұраны мен туының орнына халықаралық спорт ұйымдарының жалауы көтеріледі. Сондай-ақ комитет Ресейді маңызды халықаралық ойындардың барлығынан шеттетуді ұсынып отыр, оның ішінде 2022 жылы футболдан өтетін әлем чемпионаты да бар.

Комитеттің есебінде сондай-ақ ресейлік спорт шенеуніктерін де үлкен сайыстарға келуіне тиым салу баяндалған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы