Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе «Қазақстан халқына» қорына 10 млрд теңге аударады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Kaspi.kz және компанияның негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе «Қазақстан халқына» қорына 10 миллиард теңге аударады.
Аталған ақпаратты Kaspi Bank-тің баспасөз хатшысы Ербол Азанбек растады.
Мемлекет басшысы Мәжілістің отырысында «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырғаны белгілі.
Қор республика халқына денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша қайырымдылық көмек көрсетуді мақсат тұтып отыр. Сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимін енгізу кезінде елдің зардап шеккен халқына көмек қолын созады.
Одан бөлек, халықтың әлеуметтік осал топтары және осал топ балаларына спорттық инфрақұрылымның дамуы және қолжетімділігін арттыру бойынша жәрдемдесеміз деп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы